Иран билігі аймақтарды шарпыған наразылықты қолдағаны үшін 38 жастағы Таране Алидустиді қамады. Ислам революциясы сақшылар корпусына жақын "Тасним" агенттігі оның "тәртіпсіздікті қоздыру" және "жалған ақпарат тарату" бойынша күдікке ілініп отырғанын хабарлады.
The Guardian басылымы Алидустиді өз буынындағы ең ықпалды актрисалардың бірі деп атаған. Ол кино саласында бірнеше беделді сыйлыққа ие болған, 2017 жылы Оскар алған "Коммивояжёр" фильмінде негізгі кейіпкерді сомдаған.
Иранда жаппай наразылық басталғаннан кейін Алидусти Инстаграм парақшасында манифестанттарды қолдаған жазбалар жариялаған. Солардың бірінде актриса "әйел, өмір, азаттық" деген жазуы бар плакатпен хиджабсыз суретке түскен. Жазбаға миллионнан астам лайк қойылды.
Ұсталмай тұрып актриса наразылыққа қатысқаны үшін дарға асылған Мохсене Шекаридің қазасы туралы жазған. Қантөгісті үнсіз бақылап отырған кез келген халықаралық ұйым адамзатты ұятқа қалдырады, деп жазды ол. Қазір оның Инстаграм парақшасы жабық тұр.