Accessibility links

Балтық елдері Германияны Украинаға "Леопард" танкілерін беруге үндеді


Немістің "Леопард 2" танкісі.
Немістің "Леопард 2" танкісі.

Эстония, Латвия және Литваның қорғаныс министрлері Германия билігін Украинаға тез арада "Леопард" танкілерін беруге шақырды.

"Бұл Ресей басқыншылығын тоқтату үшін, Украинаға көмектесіп, Еуропада бейбітшілік орнату үшін қажет" деді Латвия сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс Твиттерде.

Жуырда Киев одақтастарының батыста өндірілген танкілерді Украина қарулы күштеріне беру жөнінде келісе алмағаны белгілі болған. Украина армиясы Батыс елдерінен америкалық "Абрамс" және немістің "Леопард" танкілерін сұраған. Германия қорғаныс министрі Борис Писториус жұма күні Берлин әзірше "Леопард" бойынша түпкілікті шешім қабылдамағанын айтты. Пентагон басшысы Ллойд Остин "Абрамс" танкілерін жеткізу мәселесі бойынша жаңа ешнәрсе айта алмайтынын жеткізген.

Ақпарат құралдары сонымен бірге Чехия мен Словакияның Украина үшін неміс танкілерінен бас тартатынын, олардың орнына советтік үлгідегі танкілерді алуға дайын екенін жазған. Алайда сенбі күні Чехия қорғаныс министрлігі ақпаратты терістеді.

  • 20 қаңтарда АҚШ-тың Германиядағы әскери базасы "Рамштайнда" Украинаға әскери көмек беру мәселесі бойынша келіссөз өткен. Борис Писториустың айтуынша, көктемге қарай Германия Украинаға 1 млрд еуро көлемінде жаңа әскери көмек пакетін әзірлейді. Оның сөзіне қарағанда, Берлин Украинаға әуе шабуылынан қорғайтын Patriot кешенін, "Гепард" маркалы өздігімен жүретін жеті артиллерия қондырғысы, "Ирис-Т" ракета жүйесін береді. Украинаға 400 млн еуро көлемінде көмек беретінін Финляндия да мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG