Accessibility links

Соғыстан қашқан Ресей майорының әйелі Франциядан пана сұрады


Михаил Жилин мен әйелі Екатерина
Михаил Жилин мен әйелі Екатерина

Кремль мобилизация жариялағанан кейін Қазақстанға қашқан Ресей федерациялық күзет қызметінің майоры Михаил Жилиннің әйелі Екатерина Жилина Францияға ұшып барып, пана сұрады. Бұл туралы Жилина "Сибирь.Реалии" жобасына хабарлады.

Екатерина Жилина балаларымен Францияға Қазақстаннан 22 қаңтарда ұшып барған. Ол Қазақстан билігі күйеуін Ресейге экстрадициялағаннан кейін осындай қадамға барғанын айтты.

36 жастағы Жилин бұған дейін Ресейдің федерациялық күзет қызметінің Сібір округінде жұмыс істеп, президент Владимир Путиннің осы аймақпен байланысына жауап берген.

21 қыркүйекте Путин елде мобилизация жариялағанда Жилин отбасымен Ресейден қашқан. Ресейден кетуіне шектеу қойылғандықтан, ол Қазақстанға шекараны бұзып өткен. 26 қыркүйекте Жилинді Абай облысының шекарашылары ұстаған. 6 желтоқсанда ол ары қарай Арменияға ұша алмаған. Ресей Михаил Жилинге "шекараны заңсыз кесіп өтті", "әскери қызметтен қашты" деп, халықаралық іздеу жариялаған.

Қазақстан ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қыркүйекте "Мәскеу мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарына халықаралық іздеу жарияласа, Қазақстан оларды еліне экстрадициялайтынын" айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG