Accessibility links

Мәслихат сайлауы: Сот белсенді Қосай Маханбаевтың кандидаттығын қайтарды


Белсенді Қосай Маханбаев (оң жақта) пен оның адвокаты Айдынғали Табылдиев. Алматы, 17 ақпан, 2023 жыл.
Белсенді Қосай Маханбаев (оң жақта) пен оның адвокаты Айдынғали Табылдиев. Алматы, 17 ақпан, 2023 жыл.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенді Қосай Маханбаевтың қалалық мәслихатқа кандидаттығын тоқтату туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасын заңсыз деп таныды. 28 ақпанда оқылған шешімге сәйкес, сот Маханбаевтың шағымын жартылай қанағаттандырған.

"Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Қосай Маханбаевқа қатысты қабылдаған хаттамасы заңсыз деп танылып, оның күшін жою туралы өтініш қанағаттандырылсын… Ал хаттамада кеткен қатені түзеп, Маханбаевты Алматы қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат деп тіркеуді міндеттеу туралы өтініш қанағаттандырылмасын" деп жазылған шешімде.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. Оған үш күн ішінде апелляциялық шағым түсіруге болады.

Қаңтар оқиғасы кезінде "президент резиденциясына шабуыл жасады" деп айыпталған, қазір үйқамақта отырған белсенді Қосай Маханбаевтың мәслихат депутаттығына үміткер ретінде куәлік алғаны 17 ақпанда белгілі болған. Алайда бірнеше күннен кейін прокуратурадан арыз түсіп, Алматының сайлау комиссиясы әуелгі шешімнің күшін жойған. Аумақтық сайлау комиссиясы мұны "тергеуге қысым жасаудан сақтану" деп түсіндірген.

Қаңтар оқиғасы бойынша үйқамақта отырған Әйгерім Тілеужанды да осыған ұқсас себеппен кандидаттықтан шеттеткенімен, белсенді Жоғарғы сотқа шағымданып, сот оның өтінішін толық қанағаттандырды.

Видео: Үйқамақта отырған қаңтаршылар сайлаудан шеттетілді (17 ақпан 2023 жыл).

Үйқамақта отырған қаңтаршылар сайлаудан шеттетілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG