Accessibility links

Әскери прокуратура: Үш жылда Қазақстанның 270 жауынгері өлген



Әскердегі ұлынан айырылған әке офицерге сұрақ қойып отыр. Түркістан облысы, маусым, 2022 жыл
Әскердегі ұлынан айырылған әке офицерге сұрақ қойып отыр. Түркістан облысы, маусым, 2022 жыл

18 сәуірде бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады. Бұл мәліметке қарағанда, кейінгі үш жыл ішінде 270 әскери қызметкер өлген.

2020 жылы 78, 2021 жылы 96, 2022 жылы 85 және 2023 жылдың басынан бері 11 әскери қызметкер қаза болған.

36 пайызы дерттен, 24 пайызы жол апатынан, 20 пайызы суицидтен көз жұмған.

Қазиевтің сөзінше, бұл ресми мәлімет "әскердегі өлім-жітімнің көбі суицидтен дейтін пікірлер шындыққа жанаспайтынын көрсеткен".

Биыл қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімнің көптігі "қауіпті факторларға байланысты екенін және қоғамдағы жайттар әскерде де қайталанатынын" еске салған.

2022 жылы қорғаныс министрлігі әскердегі өлім-жітімге жол бермейтін бағдарлама жүзеге асыратынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG