Мәскеу мен Мәскеу облысында контртеррористік режим енгізілді
“Мәскеу және Мәскеу облысы аумағында терактінің алдын алу мақсатында контртеррористік операция режимі енгізілді” деп хабарлады ұлттық терроризммен күрес жөніндегі комитет
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: Владимир Путин сәлден соң мәлімдеме жасайды
Пригожин Шойгудың орынбасарларының бірімен кездесті, деп хабарлады “Вагнер” тобына жақын Телеграм-арналары
Жарияланған видеода Пригожин Ростовтағы оңтүстік әскери округта отырғаны және қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Беко Евкуровпен келіссөз жүргізіп жатқаны көрінеді. Ақпаратқа қарағанда, “Вагнер” жетекшісі бас штаб жетекшісі Герасимов пен қорғаныс министрі Шойгуды келіссөзге шақырған. Пригожин сонымен бірге жалдамалы әскер Дондағы Ростовтағы әскери нысандарды, оның ішінде аэродромды да бақылауға алғанын айтқан. Соңғы мәлімдемесінде Пригожин [Украинадағы соғыста] кейбір күндері адам шығыны мыңға дейін баратынын айтқан. “Көп жерден айырылдық. Өлген солдаттар саны жоғарыға жіберілетін құжатта көрсетілетін көрсеткіштен үш, төрт есе көп” деді Пригожин.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі сол жақта жүрген қазақстандықтарды Украинамен шекаралас аймақтарға бармауға үндеді
“Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына қатер төнуіне байланысты ол жаққа бармауларыңызды сұраймыз. Ресейде жүрген қазақстандықтар әсіресе, Украинамен шекаралас аймақтарда жүргендерді консулдық тіркеуге тұруларын сұраймыз”
ПІКІРЛЕР