Accessibility links

Литва Ресей шекарасына НАТО-ның тұрақты базаларын орналастыруды ұсынды


 Литва президенті Гитанас Науседа
Литва президенті Гитанас Науседа

1997 жылы қол қойылған Солтүстік атлантикалық одақ пен Ресей қатынастары туралы актіден бас тартқан Ресей шекарасына НАТО тұрақты әскери базаларын орналастыраны жөн. Мұны Литва президенті Гитанас Науседа The Times басылымына берген сұқбатында айтқан.

"Ресей Беларусь жеріне тактикалық ядролық қаруын орнатуға белсене кірісіп жатқанын ескере отырып, біз Ресей мен НАТО арасындағы келісімнің өлгенін ашық айтуымыз керек",- деді Науседа.

Литва астанасы Вильнюсте бүгін НАТО саммиті басталады.

1997 жылы НАТО мен Мәскеу арасында қол қойылған акт бойынша, ұйымға жаңадан мүше болған елдің аумағына ядролық қару мен тұрақты негізде елеулі әскери күш ұстап тұруға болмайды.

Басылым мәліметінше, қазір НАТО күштері тоғыз елде тұр. Оның ішінде Балтық елдері мен Польша да бар. Алайда Ресей мен НАТО арасындағы акті бойынша олар алты айда ауысып тұрады.

Ресей Украинаға жаппай басып кірген соң НАТО Болгария, Румыния, Венгрия мен Словакияға әскери күштерін аттандырған.

  • Өткен жылы қазан айында Беларусь президенті Александр Лукашенко өз еліне Ресей әскерін орналастыру жөнінде Владимир Путинмен уағдаласқанын мәлімдеген. Беларусь қорғаныс министрлігі Ресейдің тоғыз мың жауынгері келгенін хабарлаған.
  • Биыл наурызда Владимир Путин Беларусь жеріне Ресейдің тактикалық ядролық қаруы орналастырылатынын айтқан. Оның сөзінше, ядролық қару Беларусь республикасына берілмейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG