Ресейдің антитеррор комитеті шілденің 17-сіне қараған түні Ресейді аннексияланған Қырым түбегімен жалғайтын көпірге Украинаның су бетіндегі екі дроны шабуыл жасады деп хабарлады.
Осыған байланысты Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған. Ведомство Қырым көпіріне жасалған шабуылға Украина арнаулы қызметінің қатысы бар деп мәлімдеді. Бұл ақпаратқа қарағанда, көпірдегі автокөлік секциясының бірі зақымданған.
Бұған дейін РБК-Украина мен "Украинская правда" Украина қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздеріне сүйене отырып, "Қырым көпіріне түнгі шабуыл - Ураина қаруы күштері мен қауіпсіздік қызметінің әскери-теңіз күштерінің операциясы" деп жазған.
Украина қауіпсіздік қызметі әлеуметтік желідегі ресми аккаунтына көпір туралы екі жол өлең салып, "әні - халықтікі, сөзі - Украина қауіпсіздік қызметінікі" жазып қойған.
Украина әзірге ресми түрде түсініктеме берген жоқ.
Түнгі шабуылдан Қырым көпірінің бір жолағы тірегінен тайып кеткен, тағы біріне зақым келген. Оны растайтын фотосуреттерді Baza жариялап жатыр.
ПІКІРЛЕР