Accessibility links

Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойды.

Қырғызстан парламентінің депутаттары биыл мамырда мақұлдаған заң бойынша, бұдан былай мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын мен мекемеде қырғыз тілін қолдану міндетті саналады.

Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл – қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға тиіс.

Бұл заң меншік түріне қарамастан телерадиокомпанияларды бағдарламаның кемі 60 пайызын қырғыз тілінде жүргізуге міндеттейді. Бірлескен компаниялар мен шетелдік компаниялар атауы қырғыз тіліндегі транслитерациямен жазылуға тиіс.

Заңда орыс тілі Қырғызстанда ресми тіл ретінде қолданылатыны көрсетілген.

Қырғызстанда мұндай заңды қабылдау мәселесінің талқыланғанына 10 жылдан асқан. Қырғызстанның мемлекеттік тіл туралы заңы 1989 жылы қабылданған. 2004 жылы өзгеріс енгізілгенімен, көптеген пункттерінің қайшылықтарына байланысты орындалмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG