Accessibility links

Құлсарыдағы төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады, үш адам қамауға алынған


Атырау облысының картасы.
Атырау облысының картасы.

Атырау облысы Құлсары қаласында 1 тамызға қараған түні сағат 3-тер шамасында 2003-2004 жылғы жастар төбелесіп, біреуі жарақат алған. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті хабарлады.

"Құқық бұзушылыққа жол берген барлық азамат анықталып, ұсталды. Үш күдікті де қамауға алынды (2003, 2004, 2004 жылдары туған)" деп жазылған полиция хабарламасында.

Полиция "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Интернетте тараған видеода қараңғыда екі жақтың төбелесіп, бір-біріне жанғыш заты бар бөтелкеге ұқсас зат лақтырғаны, айналаның өртеніп жатқаны көрінеді. Төбелесіп жатқандардың ышқынып айқайлағаны да байқалады.

Полиция төбелеске нақты қанша адамның қатысқанын, төбелес неден шыққанын және өзге мәліметті айтпады. Видеоға қарағанда, оған бірнеше адамнан көп қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG