Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы 7 қазан таңертеңнен бері Израильді жаппай атқылап жатыр. Кемінде 15 адам жарақат алған, бір әйел опат болған. Миллиондаған адамға бомбадан қорғайтын орындардан кетпеуге кеңес берілген. ХАМАС мүшелері шекарадағы Израиль қалаларына кірген. Израиль қорғаныс армиясы кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайын жариялады.
ХАМАС жетекшісінің сөзінше, Израиль аумағына 5 мыңнан астам ракета жіберілген. Нәтижесінде Израильдің Гдерот қаласына ракета түсіп, 60 жастағы әйел қаза болған. Жарақат алған 15 адамның екеуі ауыр жарақат алған.
Кусейф елді мекенінің билігі атқылаудың салдарынан төрт адам мерт болғанын, бірнеше адам жараланғанын айтты.
Израильдің көптеген қаласында дабыл іске қосылған, Тель-Авивтегі ғимараттарға ракета түскені хабарланды.
Израиль армиясы Газамен шекарадағы Сдеротқа ХАМАС мүшелері кіргенін хабарлады. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларға қарағанда, қалада атыс жүріп жатыр. Кей мәлімет бойынша, 7 адам қаза болған: оларды автобус аялдамасында атып кеткен.