Accessibility links

Газа секторында ауруханадағы жарылыстан жүздеген адамның қаза болғаны хабарланды


Жарылыс болған Газа секторындағы аурухана.
Жарылыс болған Газа секторындағы аурухана.

ХАМАС радикалды тобына қарайтын Палестина денсаулық сақтау министрлігі "Израиль армиясы Газа секторындағы ауруханаға әуеден соққы жасағанын" хабарлады. "Әл-Жазира" арнасының хабарлауынша, кемінде 500 адам опат болған болуы мүмкін. Ақпарат құралдары Әл-Ахлидегі ауруханаға зымыран түскенін жазды.

Британдық BBC ақпарат агенттігі Таяу Шығыстағы тілшісіне сүйене отырып, үйлерінен көшуге мәжбүр болған жүздеген адам жарылысқа дейін аурухананы паналағанын жазды.

ХАМАС Телеграм-арналарында 600 адам өлгенін жазды, 900-ден астам адам жарақаттанған. Аталған топ ауруханада тек жараланғандар мен науқастар ғана емес, атқылаудың салдарынан үйлерінен үдере көшкен адамдар болғанын жазды.

Израиль армиясының (ЦАХАЛ) өкілі "ауруханаға жасалған соққы" туралы мәліметті тексеретінін мәлімдеді. Кейін Израиль армиясы барлау қызметіне сүйене отырып, ауруханадағы жарылысқа "Ислам жихады" радикалды тобы қатысы барын мәлімдеді. ЦАХАЛ-дың тұжырымдауынша, "жиһадшылар ракетаны дұрыс жібермегендіктен" зымыран ауруханаға түскен болуы ықтимал. ЦАХАЛ өкілінің айтуынша, бұған дейін жиһадшылар "жалған ақпарат та таратумен де көзге түскен".

Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас адамдардың опат болуына байланысты үш күн қаралы күн жариялады. Ол сонымен бірге Иорданияға да сапарын шегерді, деп жазды ABC News арнасы. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Оқиғаға түсініктеме берген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы ауруханаға "варвар террористер" шабуылдады деді.

"Біздің балаларымызды қатігездікпен өлтіргендер өз балаларын да өлтіріп жатыр" деп жазды Нетаньяху X әлеуметтік желісінде.

Израиль жағының мәліметінше, Газадан Израильге қарай жіберілген ракеталардың орташа есеппен алғанда үштен бірі нысанаға жетпей, сектор аумағына құлап жатыр деді, Нетаньяхудың кеңесшісі Марк Регев BBC ақпарат агенттігіне

Палестинаны қолдау акциялары Тегеран, Стамбул, Бейрут, Бағдадта өткен.

Иордан теңізінің батыс жағалауында ауруханадағы жарылыс жайлы ақпарат жеткеннен кейін тәртіпсіздік басталған. Reuters агенттігінің жазуынша, наразылар мен Палестина автономиясының тәртіп сақшылары қақтығысып қалған.

Израильдік телеграм-арналардың жазуынша, Газа секторындағы ауруханада жарылыс болғаннан кейін ХАМАС жұртты демонстрацияға шақырған.

Ауруханадағы жарылысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Гебрейесус, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Түркия басшысы Режеп Ердоған, Иордания королі Абдалла II, Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі айыптаған.

Ресей мен Араб әмірліктері 18 қазанда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұраған.

XS
SM
MD
LG