Accessibility links

Ресей түрмесінде отырған Украина азаматы тұрақты түрде қорлыққа ұшырайтынын айтты


Ресейде "тыңшылық" бабы бойынша 10 жыл қатаң режимдегі түрмеге кесілген Украина азаматы Александр Марченко
Ресейде "тыңшылық" бабы бойынша 10 жыл қатаң режимдегі түрмеге кесілген Украина азаматы Александр Марченко

Ресейде "тыңшылық" бабы бойынша 10 жыл қатаң режимдегі түрмеге кесілген Украина азаматы Александр Марченко түрмеде тұрақты түрде қорлауға ұшырайтынын мәлімдеді. Оны "түрме режимін тұрақты түрде бұзды" деп айыптап, ерекше қатаң режимдегі камераға ауыстырған. Бұл жөнінде тұтқынның хатына сүйенген "Первый отдел" құқық қорғау ұйымы хабарлады.

53 жастағы Марченко 2018 жылы ресейшіл сепаратистер бақылауында болған Донецкіде ұсталған. Марченко ол жаққа өзінің қолды болған Lamborgini Diablo көлігін әкету үшін барған.

Оны жергілікті арнайы қызмет ұстап, Ресейге тапсырып, ол жақта Украинаның пайдасына қарай тыңшылық жасады деген айып таққан. 2020 жылы Краснодар соты оны 10 жыл қатаң режимдегі колонияға кескен. Сот үкіміне сүйенсек, украин азаматы "С-300 зениттік кешеннің бөлшектерін өз еліне алып кетпек болған". Марченко өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

"Первый отдел" бөлімінің хабарлауынша, Марченко ұсталған сәттен бастап адамның ар-намысына тиетін жайттарға тұрақты түрде кезігіп отырған. Донецкідегі изоляторда оны азаптаған. Ресей тергеу изоляторында оған дәрі-дәрмек бермей, туыстарымен байланысуға мүмкіндік бермеген. Оған дәрігерлерді де жібермеген. Ақпаратқа қарағанда, Бурятиядағы колонияда Марченконы түрме әкімшілігі үнемі негізсіз жазалайды.

Екі жыл түрменің 85 тәулігін Марченко тәртіптік изоляторда өткізген, 9 айын – күшейтілген режимдегі баракта, алты айын – бірыңғай камералық типтегі орында өткізген. 10 қаңтарда ол тағы да түрме ішіндегі ең қатаң жағдайдағы камераға жіберілген. Одан бөлек, оған камерадағы адамдар алдында Ресей армиясының беделіне нұқсан келтірді деген айыппен 30 мың рубль айыппұл салынған.

"Первый отдел" бөлімінің жазбасына сүйенсек, Марченкоға қорлық көрсету оқиғалары Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін күшейген. Күштік құрылымдар оны "Слава России!" деп айқайлауға және "Қырым кімдікі?" деген сұраққа "Ресейдікі" деп жауап беруге мәжбүрлеген. Марченко өзіне тағылған айыптармен келіспейді. "Мемориал" құқық қорғау ұйымы оны саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG