Қырғызстан ІІМ үкіметке жолаушылар тасымалдайтын рөлі оң жақтағы көліктерге тыйым салу жөнінде қаулы енгізуді ұсынды.
Бұл жоба қоғамдық талқылауға шығарылды.
"Коммерциялық мақсатта жолаушылар тасымалдайтын рөлі оң жақтағы көліктерді, жүк көліктерін пайдалануға тыйым салынады" деп жазылған қаулыда.
Бұдан бөлек қоғамдық көліктерге белгілі бір қозғалыс жылдамдығын шектеу ұсынылған.
Бұл ІІМ-нің рөлі оң жақтағы көліктерге тыйым салуды көздеген бірінші әрекеті емес. Мұндай ұсыныстар 2018 және 2023 жылдары да болған. Бірақ үкімет тарапынан қабылданбады.
Рөлі оң жақтағы көліктерді Қырғызстанға әкелуге 2015 жылы рұқсат берілген.
ІІМ мәліметінше, 2023 жылы жолаушылар тасымалдайтын көліктер арасында 276 жол апаты тіркелген: 24 адам қайтыс болып, 619-ы әртүрлі жарақатын алған.
ПІКІРЛЕР