Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы суды тең көлемде есептеуге мүмкіндік беретін есептеуіштер орнатпақ. Бұл жөнінде Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тараптар суды қолдану бойынша онлайн режимде мәлімет алмасады. Қазір екі ел мамандары су есептеуіштерді қайда орнататынын анықтап жатыр.
Осыған дейін Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасындағы Солтүстік және Үлкен Ферғана каналдарының жиегіне су ағымын өлшеуге мүмкіндік беретін "Патар" және "Сарвак" трансшекаралық станциялар орнатқан. Екі ел су мөлшерін бұрын да өлшеген, алайда жабдықтары ескірген. Гидроқұрылғылар Швейцария үкіметінің Blue Peace Central Asia бастамасының қолдауымен жүзеге асырылмақ.
Қазақстан 2023 жылы Өзбекстан және Қырғызстанмен Сырдария бассейніндегі су-энергетикалық ресурстарды пайдалану бойынша келісімді өзгерту ниетін білдірген.
Қазақстан өзеннің экологиялық жағдайы Өзбекстаннан келген лас заттардан кейін нашарлап кетті деп есептейді.
ПІКІРЛЕР