Accessibility links

НАТО елдері Украинаға көбірек әуе қорғанысы жүйелерін беруге келісті


Patriot жүйесі, Польша, 16 наурыз 2022 жыл.
Patriot жүйесі, Польша, 16 наурыз 2022 жыл.

НАТО елдері Украинаға қосымша әуе қорғаныс жүйелерін беруге келісті деп хабарлады ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг. 19 сәуірде Украина – НАТО кеңесінің отырысынан кейін ол осылай мәлімдеме жасады.

"Patriot жүйелерінен бөлек, одақтастар бере алатын өзге де қару түрлері бар, арасында SAMP/T да бар. Аталған жүйесі жоқ көптеген одақтастар осындай жүйені сатып алу үшін қаржылай көмек беру міндетін алды" деді Столтенберг Reuters агенттігіне.

НАТО-ның бас хатшысы Украинаға қанша әуе қорғаныс жүйесі берілетінін айтпады, бірақ бұл мәселе бойынша алдағы күндері хабар күтетінін жеткізді.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина – НАТО кеңесінің отырысын өткізуді сұраған, ол онлайн өтті.

Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жатқан Украина қазір майданда оқ-дәрі тапшылығына ұшырап жатыр. АҚШ конгресі бірнеше айдан бері Украинаға көмек туралы заң жобасын қабылдай алмай келеді. Ал Еуроодақ оқ-дәріні уақытында жеткізе алмай жатыр.

  • Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба бұған дейін одақтас елдердің арсеналында жүз жүйе барын айтқан. Ол украин халқын қорғау үшін тым болмағанда жеті Patriot батареясын беруді сұраған.
  • Еуроодақтың сыртқы саясат бойынша жоғарғы өкілі Жозеп Боррель одақтастарын Украинаға көбірек әуе қорғаныс жүйесін беруге шақырған. 18 сәуірде Брюссельде "Үлкен жетілік" елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде ол Вашингтон Украинаға әскери көмек бойынша қандай шешім қабылдамасын, бұл мәселе маңызды болып қала беретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG