Accessibility links

ТЖМ: Оралда Жайық өзені біртіндеп төмендеп келеді


Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ресми өкілі Асқар Шәріп сәрсенбі күнгі брифинг кезінде Оралда Жайық өзенінің біртіндеп төмендегені байқалады деп мәлімдеді. "Жаңа су басу оқиғалары тіркелген жоқ" деді ол. Оның сөзінен "Қазақпарат" агенттігі үзінді келтіреді. Алайда су деңгейі қаншалықты төмендегі белгісіз.

Дегенмен "Қазгидрометтің" хабарлауынша, Атырау облысында Батыс Қазақстаннан келген судың салдарынан Жайық деңгейі көтерілген. Жайық өзенінің Индербор қалашығы маңындағы гидробекетінде су деңгейі 597 см-ді көрсетіп тұр. Бір тәулікте ол 10 сантиметр көтерілген. Су тасқыны басталғалы бері 374 см жоғарылаған.

Бұған қоса, Махамбет ауылында Жайық деңгейі 5 см көтерілген, су деңгейі 715 см болып тұр. Су тасқыны басталғалы бері 398 см жоғарылаған.

Жайықтың Қиғаш және Шароновка сағасында да Волгоград су қоймасынан келген суға байланысты су көтерілген. Шортанбай ауылындағы Қиғаш гидробекетінде бір тәулікте су деңгейі – 14 см, Котяевка ауылында 9 см жоғарылаған. Ганюшкино ауылындағы Шароновка гидробекетінде су деңгейі соңғы 24 сағатта 6 см- көтерілген.

ТЖМ мәліметінше, су тасқыны аймақтарында барлығы 31 мыңнан астам адам үйлеріне оралған. Қазір 8,5 мың адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр, 3,7 мыңы – бала.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG