Accessibility links

Тбилисиде Грузияның тәуелсіздік күніне арналған еркіндік шеруі өтті


Грузияның тәуелсіздік күніне арналған еркіндік шеруі. Тбилиси, 26 мамыр, 2024 жыл.
Грузияның тәуелсіздік күніне арналған еркіндік шеруі. Тбилиси, 26 мамыр, 2024 жыл.

26 мамыр кешке Тбилисиде Грузияның тәуелсіздік күніне арналған еркіндік шеруі өтті. Митингіге қатысқандар Грузия мен Еуроодақ туларын көтеріп, жақында ел парламенті қабылдаған "шетел агенті туралы" заңға қарсы ұрандар айтты деп хабарлады "Эхо Кавказа" сайты.

Митингіге жиналғандар ұялы телефон шамын жағып, "Ресей заңына жол жоқ!" және "Ресей режиміне жол жоқ!" деп айқайлады.

Акцияны ұйымдастырып жүргендер шерудің наразылық сипаты барын айтпады, өйткені ол ұлттық мерекеге арналған. Жексенбіде Тбилисиде өткен шараға мыңнан аса адам қатысты.

14 мамырда Грузия парламенті соңғы, үшінші оқылымда "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" даулы заң жобасын мақұлдаған. Сыншылар оны Ресейдің "Шетел агенті туралы" заңына теңейді.

Жаңа заң шетелден кемі 20 пайыз қаржы алатын ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарды "шетелдік ықпалы бар агент" ретінде тіркелуге міндеттейді.

Грузия президенті даулы заң жобасына вето қойған.

Грузияда не болып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:16 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG