Accessibility links

Қырғызстандағы тасқыннан қазақстандық төрт бала мерт болған


Қырғызстанның Ош облысындағы Абшыр-Сай демалыс аймағындағы жалғыз жолды тасқын шайып кеткен соң, 1300-ге жуық адам тұйық жерде қалып қойды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге алып шықты. 29 маусым, 2024 жыл.
Қырғызстанның Ош облысындағы Абшыр-Сай демалыс аймағындағы жалғыз жолды тасқын шайып кеткен соң, 1300-ге жуық адам тұйық жерде қалып қойды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге алып шықты. 29 маусым, 2024 жыл.

Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан мерт болған тағы екі қазақстандық бала табылды. Бұл туралы жексенбі, 30 маусым күні Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабының мәліметіне сүйеніп Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұған дейін тасқын кезінде ол екі баланың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде ақпарат тараған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта қазаға ұшыраған балалардың құжаттарын жедел тәртіппен рәсімдеп жатқанын айтты. Қазақстандық дипломаттар апаттан мерт болғандардың туыстарына барынша көмек көрсететін болады деді министрлік.

"Жақын арада Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі ұшағы қаза болған балаларды елге жеткізеді", – деп хабарлады Қазақстан СІМ.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, Ош облысы Науқат (қырғызша Ноокат) ауданында 28 маусым түстен кейін болған тасқын салдарынан барлығы сегіз адам опат болған. Олардың алтауы – 8 бен 19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Науқат ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG