Accessibility links

Құтқарушылар Алматы тауларында қалған жасөспірімдер мен туристерді құтқарды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Құтқару қызметі Алматы маңындағы тауларда адасып қалған жеті жасөспірім құтқарды. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер демалуға мүлдем дайындалмай, Қүмбел шыңын бағындыруды ұйғарғанымен, өз бетінше қайтып келе алмаған.

Жасөспірімдер медициналық көмекті қажет етпейтінін айтқан. Қазір оларды ата-аналарына тапсыру үшін Медеуге түсірген.

Төтенше жағдай министрлігі таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Тауға шығар алдында маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеп, сел қаупі бар жерлерден әсіресе жаңбырдан кейін аулақ болуды ескертеді.

Бұған қоса, ТЖМ 1 шілдеде жарияланған хабарласамында Алматы облысындағы тауда бес турист құтқарылғанын мәлімдеді. Олар да тауға өз бетімен шығып, қайта түсе алмай қалған.

"Құтқарушылардың жұмысының арқасында 19-20 жастағы туристер аман-сау табылды" деді министрлік.

Құтқару жұмыстары ауа райының қиындығы мен жауынның салдарынан бес сағаттан аса уақытқа созылған. Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG