Accessibility links

Азаттық тілшісі Сарыағаш полициясына шақырылды


Полиция ғимараты. Көрнекі сурет.
Полиция ғимараты. Көрнекі сурет.

25 шілдеде Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі Дилара Иса Жібек жолы ауылындағы оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында куә ретінде Сарыағаш полициясына шақырылды. Тілшінің айтуынша, 24 шілдеде кешке оған Сарыағаш полициясынан хабарласып, бөлімшеге келуін сұраған.

Бейсенбі күні полиция бөліміне адвокат Әбдіраман Аққұловпен бірге кірген тілші онда шамамен үш сағат болған. Тілші мен адвокат іс бойынша материал жарияламау туралы қолхатқа қол қойғандықтан оқиға жөнінде көп мәлімет белгісіз.

Бейсенбі күні Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әуелі Азаттыққа "кешке хабарласыңыз" деді, кейінірек ресми сауал жолдауды өтінді. Азаттық облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Жаңалық жарияланғанға дейін жауап түспеді.

Осыған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында 11 сынып оқушысы "14 жасар қызды зорламақ болды" деген сыбыс тарағаннан кейін ресми мәлімет бойынша жүз шақты адам екі үйге басып кірмек болған. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, үйдің, көліктің терезелері сынған. Полиция оқиғаға байланысты "Зорлау" және "Бұзақылық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Екі адам қамауға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG