Accessibility links

Израиль Бейруттің оңтүстігіне соққы жасады


Бейрутқа соққыдан зардап шеккендердің бірі, 30 шілде 2024 жыл.
Бейрутқа соққыдан зардап шеккендердің бірі, 30 шілде 2024 жыл.

Израиль Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігіне соққы жасады. Израиль армиясы "Хезболла" радикал тобы командирлерінің бірінің көзін жоюды мақсат еткенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Израиль әскерінің телеграм-арнасы хабарлады.

Голан жотасында Израиль бақылауындағы Мадждаль-Шамс қаласына шабуылға сол "Хезболла" командирі "жауапты" деп айтылады. Өткен аптадағы соққыдан 12 адам опат болған, басым бөлігі – балалар, 30-дан аса адам жараланған. "Хезболла" шабуылға қатысы жоғын айтқан.

Бейрутқа жасалған соққыдан бір адам қаза тапты, 68 адам жараланды. Бесеуінің жағдайы ауыр деп хабарлады Ливанның денсаулық сақтау министрлігі.

Кей ақпарат құралдарының жазуынша, соққы "Хезболла" командирі Фуад Шукрге (Хадж Мохсин ретінде де танылған) қарсы бағытталғанын жазды. Оның қаза болғаны-болмағаны әзірге белгісіз.

Фуад Шукр АҚШ теңіз әскери корпусының Бейруттағы казармасында 1983 жылы 23 қазанда болған жарылысты ұйымдастыруда жетекші рөл атқарған деп айтылады. Жарылыстың салдарынан 241 әскери қызметкер қаза болған, 128 адам жараланған. Сол үшін оған іздеу жарияланған. АҚШ ол туралы ақпарат берген адамға 5 млн доллар көлемінде сыйақы ұсынған.

  • Былтыр 7 қазанда ХАМАС Израильге соққы жасап, ізінше Израиль Газа секторында әскери қимыл бастағаннан кейін Израиль мен Ливан шекарасындағы жағдай ушыққан. Тараптар содан бері бір-бірін үздіксіз атқылап келеді.
  • Дегенмен аталған топ Израильге қарсы ірі соғыс жүргізіп жатқан жоқ. АҚШ пен өзге елдер тараптар арасындағы текетірес ірі соғысқа айналуы мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG