Accessibility links

Балқаштағы жаппай улану: 29 адам дәрігерге жүгінді


Балқаш көлі мен қала.
Балқаш көлі мен қала.

Балқаш көлі жағалауындағы демалыс аймақтарының бірінде белгісіз нәрседен уланған 29 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Олар жұқпалы ішек ауруына шалдыққан деген күдік бар. Қазір 18 адам стационарда ем қабылдап жатыр деп хабарлады Қарағанды облыстық санитария-эпидемилогиялық бақылау департаменті.

Бұған дейін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы 14 адам зардап шеккен деп хабарлаған. Кейін олардың саны көбейген. Науқастардың ыстығы көтеріліп, іші өткен.

"Балқаш қаласындағы "Досжан" отбасылық пансионатында демалған адамдар арасында жұқпалы іш ауруы тіркелгеніне байланысты келесіні хабарлаймыз, 16 тамыздағы жағдай бойынша, дәрігер көмегіне жүгінген 29 адам жұқпалы ішек ауруына шалдыққан деген күдік бар. Олардың 18-і стационарда ем алып жатыр" деді облыстық департамент өкілдері.

Жергілікті билік органдарының хабарлауынша, санитария-эпидемилогиялық бақылау департаменті мамандары жұқпалы ауруға қарсы шаралар бастаған: ауру ошағындағы жағдайды көріп, науқастармен сөйлесіп, зерттеу жұмыстарын бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG