Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі Курск, Брянск және Белгород облыстарындағы жағдайға байланысты өзбек азаматтарына қайрылып, барынша сақ болуға шақырды.
"Аталған аймақтарда білім алып жатқан студенттерге мүмкін болса, уақытша онлайн оқуға өтуді ұсынамыз", - деп жазылған хабарламада.
Украина әскері Ресейдің Курск облысына 6 тамызда кірді. Содан бері аймақта шайқас жүріп жатыр. Украина күштері ондаған елді мекенге (арасында аудан орталықтары мен Суджа қаласы бар) бақылау орнатқанын мәлімдеді. Ресей билігі ондай ақпаратты не теріске шығарады, не ешқандай түсініктеме бермейді. Әйткенмен Курск облысында федералдық деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазірге дейін аймақтан 100 мыңнан астам адам эвакуацияланған деген ақпарат бар. Эвакуация Украинамен шекаралас Белгород облысында да жүріп жатыр.
Ресми Киев Ресеймен шекаралас аймақтарда "қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мәселелерді шешіп жатқанын және ол аймақтарды оккупациялап алуға мүдделі емес" екенін білдірген.
ПІКІРЛЕР