Accessibility links

"Медуза" және "Верстка" Курскідегі шайқастарға қатысты Кремльдің реакциясын жазды


Курск облысында атқыланған ресейлік әскери техника
Курск облысында атқыланған ресейлік әскери техника

Кремль Курск облысындағы шайқас бірнеше айға созылады деп санайды. Бұл жөнінде Ресей президенті әкімшілігі мен үкіметке жақын дереккөздер "Медуза" басылымына айтты.

Украина қарулы күштері Курск облысында операция бастаған кезде Ресей "элитасы" шошыған. Дереккөздердің айтуынша, екі аптадан кейін қорқыныштары сейіліп, "бойлары үйрене бастаған".

Билікке қатысы бар қоғамдық пікір қорының жуырда жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша Ресей қоғамында үрей деңгейі 6% артып, 45%-ға жеткен. Президент әкімшілігі бұл көрсеткіш жоғары деп санайды және жуырда оның мөлшерін азайтамыз деп санайды деді дереккөз.

Басылым сөйлескен шенеуніктердің барлығы Курск облысындағы шайқас бірнеше айға созылады деп санайтынын айтқан. Украина күштерінің Курск облысына басып кіруіне байланысты қоғамдағы үрейді басу үшін Кремль насихаттың көмегімен ресейліктерді "жаңа жағдайға" бейімделуге дайындап жатыр.

"Медуза" дереккөздерінің хабарлауынша, Украина күштерінің басып кіруіне жол бергендер отставкаға жіберілетінін де "элита" күтіп отыр. "Верстканың" жазуынша, Украина күштері Ресей басшыларының қателіктері мен жемқорлық, қорғаныс әлсіздігінің арқасында Курск облысына басып кіре алған.

"Ресей басшылығы украин әскері Курск облысына шабуыл жасайды деп күтпеген. Олар басқыншылыққа мүлде дайын болмады" деді "Верстканың" Ресей қарулы күштері, үкіметтегі дереккөздері мен Курск облысының шенеуніктері.

Сол себепті шекарада дайындықтан өткен жеке құрам болмаған, соның салдарынан әскери борышын өтеп жүрген солдаттар мен шекарашылар жаппай тұтқынға берілген. Жергілікті билік те бұған дейін болмай шыққан, сол себепті қорғаныс құралдарын дайындау бойынша тиісті шараларды атқарылмаған.

Дереккөздердің бірінің айтуынша, үкіметте қорғаныс саласындағы олқылықтарға байланысты қылмыстық іс ашылуы мүмкін.

"Кремльдегілер Курскідегі жағдайға өте наразы. Қарсылас жақ басып кіруі мүмкін екені уақытында баяндалмаған, сол себепті қазір әскерилер – барлаушыларды, курскідегілер әскерді айыптап жатыр" деп жазады басылым.

Кремль және Ресей қорғаныс министрлігіне жақын үш анонимді дереккөзге сүйенген Bloomberg-тің жазуынша, Украина әскерінің Курск облысына кедергісіз басып кіруі Ресей армиясының қорғанысындағы кемшіліктерді айқындаған. Bloomberg дереккөздері тағы да мобилизация жариялануы мүмкін деп топшылаған.

  • Украина әскері Ресейдің Курск облысына 6 тамызда басып кірген. Содан бері шайқас жүріп жатыр. Украина жағы ондаған елді мекенді және шамамен мың шаршы шақырымды бақылауда ұстап отырғанын
  • Аймақта федералдық дәрежеде төтенше жағдай жарияланған. Тұрғындар эвакуацияланды, бірақ біраз бөлігі үйлерінде қалған.
  • ТАСС келтірген мәліметке қарағанда, Украина әскерінің Курск облысына шабуылы нәтижесінде 31 адам қаза болған, 143 адам зардап шеккен. Жуырда агенттік 17 адам қаза болғанын, 140 адам зардап шеккенін жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG