Accessibility links

Краматорскіде қонақүйге ракета түсіп, журналистер зардап шекті


Ракетамен соққыланған қонақүй
Ракетамен соққыланған қонақүй

Украинаның Донецк облысының солтүстік-батысындағы Краматорск қаласында Ресей әскерінің қонақүйге соққысының салдарынан журналистер, Украина, АҚШ, Ұлыбритания азаматтары зардап шекті. Бұл жөнінде Донецк облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Вадим Филашкин мәлімдеді.

Екіқабатты ғимарат жартылай қираған. Кемінде екі адам жарақаттанған, тағы бір адам үйінді астынан іздестіріліп жатыр. Мәселе шетел ақпарат құралының тілшісі жөнінде болып отыр. Аты-жөні әзірге хабарланбады.

Украина прокуратурасының мәліметінше, соққы "Искандер-М" ракетасымен жасалған болуы мүмкін. Ресей әскері түсініктеме бермеді. Әскери блогерлер де қонақүйше соққы жасалғанын растап, онда әскери қызметкерлер тұрғанын жазды.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Украина билігінің мәліметінше, сенбі күні Сумы қаласына жасалған әуе соққысының салдарынан бір адам қаза болып, сегіз адам зардап шеккен. Херсонда Ресей әскерінің атқылауы салдарынан жексенбі күні бір әйел қаза болған.

XS
SM
MD
LG