Accessibility links

Байден әкімшілігі Meta-ға COVID-19 туралы жазбаларды цензуралау жайлы қолқа салған


Марк Цукерберг
Марк Цукерберг

Meta корпорациясының басшысы Марк Цукерберг АҚШ үкіметі Facebook-ке COVID-19-ға байланысты контентті цензуралауды талап етіп, қысым жасады деді. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Цукерберг АҚШ өкілдер палатасының сот жүйесі жөніндегі комитетіне жазған хатында Ақ үй шенеуніктері Facebook қызметкерлеріне қысым көрсетіп жатыр деп айтқан. Шенеуніктер платформадан COVID-19-ға байланысты контентті, соның ішінде ол жайлы әзіл мен сатираны өшіруді я шектеуді талап еткен.

Цукерберг АҚШ үкіметінің қысымын қате деп бағалап, оған бұған дейін қарсы тұрмағанына өкініш білдірді. Facebook-тің негізін қалаған ол Meta корпорациясы алда мұндай қысыммен күресуге дайын деді.

Бұдан бөлек, Цукерберг хатта Facebook-тің Джо Байден отбасында болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық туралы материал рейтингін қалай төмендеткенін айтқан. Ол мұны ресейлік жалған ақпарат қаупіне байланысты фактілерді тексерумен байланысты деп түсіндірді. Meta басшысы компания бұдан былай тексерілмеген материалдарға олай істемейді деп уәде берді.

2021 жылы тамызда Meta компаниясы дүниежүзіндегі эпидемия кезінде Facebook пен Instagram-да COVID-19 туралы жалған ақпарат тарату ережесін бұзған 20 миллионнан аса жазбаны жойғанын айтқан. 190 миллионнан аса жазба ақпараты дұрыс емес екені туралы ескерту алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG