Accessibility links

ОСК мәжіліс депутаты Асқар Садықовты өкілетінен айырды


Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. Астана, 28 наурыз, 2023 жыл.
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. Астана, 28 наурыз, 2023 жыл.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаты Асқар Садықовты өкілетінен айырды.

Ол "Ақ жол" партиясы атынан депутат болып сайланған. 29 тамызда "Ақ жол" депутат партия ұсынысынан кейін мандатынан айырылды деп хабарлады. Оның төрағасы Азат Перуашев телеграм-арнасында Асқар Садықов депутат мәртебесіне сай емес әрекеттер істеді деп жазды. Перуашевтің айтуынша, бұл жағдайды партия органдары өз бетінше анықтап, партия пленумында қараған.

Садықовтың нақты не істегені белгісіз, "Ақ жол" төрағасы ол туралы жазбаған.

55 жастағы Асқар Садықов бұл жайтқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

2023 жылғы наурыздан бастап мәжіліс депутаты болған Садықов заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құрамына кірген. 2013 жылдан бері "Ақ жол" мүшесі, сол кезден 2023 жылға дейін партияның Ақтөбе облысындағы филиалын басқарған. 2014-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты болған.

2023 жылы наурызда Қазақстандағы кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауы нәтижесінде "Ақ жол" партиясы парламентке өтіп, алты орынға ие болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG