Accessibility links

Тоқаев туризм және спорт министрі Маржықпаевты қызметінен босатты


Қазақстандық спортшылар Париждегі жазғы Олимпиаданың ашылуы кезінде.
Қазақстандық спортшылар Париждегі жазғы Олимпиаданың ашылуы кезінде.

Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі қызметінен босатылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 тамызда тиісті жарлыққа қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Маржықпаев министр қызметін бір жылға жуық уақыт атқарды: ол 2023 жылы қыркүйекте ведеомство жетекшілігіне тағайындалған.

Министрді отставкаға жіберуге не түрткі болғаны айтылмайды. Үш апта бұрын Париждегі жазғы Олипиада ойындарында Қазақстан құрамасы медаль саны жағынан 43-ші орынды иеленген. Қазақстан атлеттері жеті медальға ие болды, біреуі ғана – алтын.

Қазақстан құрамасы Парижде Токио олимпиадасынан гөрі жақсырақ нәтиже көрсетті. Үш жыл бұрын қазақстандық спортшылар Токиода тек сегіз қолаға ие болған. Алайда жанкүйерлер қазақстандық спортшылардың нәтижесіне көңілі толмады. Олар Қазақстанды көп жағдайда Францияда 8 алтын медальға ие болған Өзбекстанмен салыстырды.

Қазақстандық боксшылар Парижде алтынсыз қалды. Бокс бойынша финалға шығады делінген жеті боксшының алтауы жартылай финалға да өте алмады. Боксшылар арасында Нұрбек Оралбай ғана күміс иеленді.

14 тамызда Қазақстанның бокс федерациясы ерлер құрамасындағы бапкерлердің барлығы тұтас қызметінен шеттетілгенін мәлімдеді. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен бапкерлер штабындағы он қызметкер де қызметтерінен босатылды. Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов те қызметінен кетті.

Еңбек жолын дене шынықтыру мұғалімі және бокс бапкері мамандығынан бастаған Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі қызметіне дейін Ақмола облысының әкімі болған.

XS
SM
MD
LG