Бразилияның Жоғарғы соты 30 тамызда ел аумағында X желісінің жұмысын дереу тоқтату туралы қаулы шығарды. Шешім X-тің Бразилиядағы ресми өкілін тағайындауға берілген 24 сағаттық мерзім аяқталғаннан кейін қабылданды. Бұл жөнінде Reuters жазды.
Судья Александер де Мораес әлеуметтік желі бұған дейін шығарған Жоғарғы соттың шешімдерін орындағанға дейін желіні жабуды қаулы етті. Арасында 3 млн доллардан астам айыппұл төлеу, Бразилияда Х өкілін тағайындау сияқты талаптар бар.
Шешімге сәйкес, бұғаттауды айналып өтіп, желіні қолданғандарға 50 мың реал (9 мың долларға жуық) айыппұл салынады.
X иесі Илон Маск "олар Бразилиядағы ақиқат көзін жауып жатыр" деп жазды. Ол Мораесті "сот мантиясын киген зәрлі диктатор" деп атаған жазбаларды қайталап басты.
Қаулы 2024 жылы басталған Мораэс пен Маск арасындағы текетірестің кезекті көрінісі. Жыл басында Мораес X желісінен жалған ақпарат пен жеккөруді таратты деп күдікке ілінген аккаунттарды жабуды талап еткен еді. Маск мұны цензура деп бағалаған. Бұған жауап ретінде ол X-тің Бразилиядағы кеңсесін жауып, аталған елде желі Starlink-тің көмегімен ашылатындай қылып қойған. Апта басында Бразиялия соты желінің есепшоттарын бұғаттап, шешімді даулаған компанияның өтінішін қанағаттандырмаған еді.