Accessibility links

АҚШ: Украина шабуылдаған Ресейдің Тихорецкідегі қоймасында Солтүстік Корея снарядтары болған


Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Тихорецк ауданы маңындағы оқ-дәрі қоймасына жасалған дрон шабуылы. 21 қыркүйек, 2024 жыл.
Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Тихорецк ауданы маңындағы оқ-дәрі қоймасына жасалған дрон шабуылы. 21 қыркүйек, 2024 жыл.

Азаттықтың Орыс қызметі Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Тихорецк ауданы маңындағы оқ-дәрі қоймасының өрттен кейін спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Видеода 20 және 21 қыркүйектегі суреттер салыстырылған, онда Украина әскерінің қоймаға дронмен шабуыл жасағанға дейінгі мен кейінгі көріністері бар.

АҚШ бұл қоймада Украинадағы соғысқа жіберейін деп жатқан оқ-дәрілер сақталған деп мәлімдеді. Вашингтонның ақпаратынша, снарядтар Ресейге Солтүстік Кореядан жеткізілген.

Тихорецкідегі жергілікті биліктің мәліметінше, 22 қыркүйекте жедел қызмет өкілдері оқиға орнында жұмысын жалғастырған. Жергілікті тұрғындар Тихорецкіден 10 шақырым жерде снаряд сынықтарын тауып жатқанын хабарлады.

Тихорецк ауданы басшысы Анатолий Прилепин "аумақта жарылғыш заттар бар-жоғы толық анықталғанға дейін егіс алқабында жұмыс істеуге тыйым салынады" деп хабарлады.

Азаттықтың Орыс қызметі Ресейдің Тверь облысы Октябрь ауылындағы Украина дрондары шабуыл жасаған Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты бас зымыран-артиллерия басқармасы 23-арсеналының спутниктен түсірілген суреттерін де жариялады.

Арсеналдың солтүстік бөлігінде оқ-дәрілер сақтайтын орындардың жартысынан көбі толық өртеніп кеткен, ал оңтүстік жағына тимеген. Бұған дейін Ресейдің Тверь облысы Торопец қаласындағы 107-арсеналға шабуыл жасалған.

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Тихорецк пен Тверь облысындағы Торопецтегі оқ-дәрі қоймалары 21 қыркүйекке қараған түні дрондар шабуылынан кейін өртенді. Украина қарулы күштерінің бас штабы түнгі шабуыл Ресейдегі мыңдаған тонна оқ-дәрі сақталған екі әскери қойманы жойды деді.

Тверьдегі жарылыстан Ресей не жоғалтты? Курскідегі жағдай қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:30 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG