Accessibility links

Евгений Жовтис Адам құқығын қорғау бюросының директоры қызметінен кетті


Құқық қорғаушы Евгений Жовтис
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис

Евгений Жовтис Адам құқығын қорғау бюросының (толық атауы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы) директоры қызметінен кетті. 69 жастағы құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымды 1993 жылы құрылғаннан бері басқарған.

Ұйымның сайтында 27 қыркүйек күнгі жалпы жиналыста директор қызметіне бұған дейін бюро директорының орынбасары қызметін атқарған Денис Дживага сайланғаны жазылған. Дживага сонымен бірге БҰҰ-ның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарға құқықтық көмек көрсету бойынша Жоғарғы комиссары басқармасы жобасын да үйлестіреді.

Ұйымның жазуынша, директор сайлауы екі жыл сайын өтеді. Бюро құрылтайшыларының бірі Жовтис "Адам құқығын қорғау бюросына ротация қажеттігін, басшылыққа жаңа буын келгенін және ұйымды басқарудан гөрі оның стратегиялық дамуы мен сараптамалық қызметіне көбірек мән бергісі келетінін алға тартып" өз кандидатурасын ұсынбаған.

Евгений Жовтис бюрода басты сарапшы болып қалмақ.

Адам құқығын қорғау бюросы – бас кеңсесі Алматыда орналасқан беделді құқық қорғау ұйымы. Аймақтарда он бөлімі мен бір өкілдігі істейді.

XS
SM
MD
LG