Accessibility links

Алматыда полиция күшейтілген режимге көшті


Алматыдағы Республика алаңында тоқтап тұрған полиция көлігі. Көрнекі сурет.
Алматыдағы Республика алаңында тоқтап тұрған полиция көлігі. Көрнекі сурет.

Алматыда полиция күшейтілген режимге көшті. Бұл жөнінде Polisia.kz сайты хабарлады.

"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, қылмысты уақытында ескертіп, алдын алу үшін, сонымен бірге өзге де заңға қайшы әрекеттер болдырмас үшін Алматы полициясы күшейтілген қызметке көшірілді" деп жазылған ресми хабарламада.

Ақпаратқа қарағанда, күн сайын 2 мыңнан астам полицей қаладағы тәртіпті бақылайды.

6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне байланысты референдум өтеді. Онда "сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұрақ қойылады. Елде АЭС бойынша халық пікірі сан алуан. АЭС-ті жақтаушылар негізінен энергия тапшылығын алға тартса, АЭС-ке қарсылар атом станциясының қоршаған ортаға әсері мен өзге елдің технологиясына тәуелділік артуы мүмкін дейді.

Референдум қарсаңында елде оннан астам белсенді ұсталды. Ақпаратқа қарағанда, аталған белсенділер АЭС референдумы қарсаңында "жиналып, тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды" деген күдікке ілінген. Адвокаттары істің саяси астары барын, азаматтар АЭС-ке қатысты өз пікірлерін ғана айтты деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG