Accessibility links

Зеленский Ресейдің Курск облысымен шектесетін аумақтағы украин әскеріне барды


Әскери қызметкерлермен қол алысып тұрған Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта). Сумы облысы, 4 қазан 2024 жыл.
Әскери қызметкерлермен қол алысып тұрған Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта). Сумы облысы, 4 қазан 2024 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский 4 қазанда Украинаның солтүстік-шығысындағы Сумы облысына барып, Ресей шекарасымен шектесетін аумақтағы және Курск облысында соғысқан украиналық әскери қызметкерлермен кездесті. Сумы Украина әскері шамамен екі ай бұрын Курск облысына күтпеген жерден рейд бастаған облыс. Зеленский кездесу кезінде аталған операцияны "Ресейге көбірек ықпал ету жағынан" Киевтің одақтастарын біршама сенімдірек болуға итермелеген "стратегиялық" шара болғанын атап өтті.

Украина күштері Ресейдің Курск облысында 1300 шаршы шақырымды бақылауға алған деп айтылады. Операцияның қарқыны қазір бәсеңдегенмен Зеленскийдің сөзінше, ол Киевке соңғы кезде Батыстың әскери көмегін алуға көп көмектескен.

Зеленский Украинаның энергия инфрақұрылымдарын қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, Сумы облысында және өзге шекаралас өңірлердегі энергия инфрақұрылымдарын қорғауға қатысты басқа кездесу өтетінін айтты.

  • 2024 жылы 6 тамызда Ресейдің Курск облысы аумағына Украина жасағы кірген. Содан бері аймақта шайқас жүріп жатыр. Украина әскері аудан орталығы Суджа мен ондаған елді мекенді бақылауға алғанын хабарлаған. Ресей билігі мұндай ақпаратты жоққа шығарады немесе түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG