Орталық референдум комиссиясы (ОРК) АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу белсенділігі Астана уақытымен сағат 18.00 жағдай бойынша 61%-дан асқанын хабарлады.
ОРК мүшесі Асылбек Смағұловтың сөзінше, 7,5 млн-нан астам адам дауыс берген.
Референдумға қатысу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы (ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 80% дауыс берген) алда тұр.
Ең төмен көрсеткіш Алматыда (22,9%) тіркелген. Астанада бұл көрсеткіш (49,3%) екі еседен де көп.
Референдумға қатысу белсенділік бойынша алдын ала мәліметті Орталық референдум комиссиясы сағат 21-де хабарлайды.
Сағат 20.00-де дауыс беру учаскелері жабылады, олардың саны 10 мыңнан асады.
Қазақстанның өзге елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде 74 учаске жұмыс істейді.