Accessibility links

Украина қарулы күштері майдандағы "күрделі ахуалды" баяндады


Украинаның қарулы күштері 9 қазан күнгі хабарламасында майдандағы күрделі ахуалды баяндайды. Ақпаратқа қарағанда, бір тәулікте 172 қақтығыс болған. Ресей әскері Украина нысандарына бір зымыран жіберген, әуеден 182 рет соққы жасаған. 1190 камикадзе-дронын ұшырып, 3460 артиллериямен атқылаған.

"Қарсылас жақ адам саны мен техникадағы басымдығын пайдаланып, нысандарымызға үздіксіз шабуыл жасап жатыр. Украина жауынгерлері жауды айтарлықтай шығынға ұшыратып, басқыншылардың шабуылын табанды түрде тежеп тұр" деп жазылған Украина күштерінің мәлімдемесінде.

Бұған қоса, Ресей әуе күштері Курск облысында украин әскері шоғырланған нысандарға 11 бомба тастаған.

Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, 9 қазанға қараған түні 21 дрон атып түсірілген. Тағы біреуі айналып ұшып, Ресей жағына қарай қайта бет алған. Полтава облысына "Искандер" кешенімен үш баллистикалық ракета жіберілгені хабарланды.

  • Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі әскери нысандарға ғана соққы жасайтынын айтқан. Бейбіт азаматтардың өлімі мен азаматтық нысандардың қирағаны туралы ақпаратқа Мәскеу түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG