Accessibility links

Химия бойынша Нобель сыйлығы ақуызды зерттеген ғалымдарға берілді


Биыл химия бойынша Нобель сыйлығы ақуыздың компьютерлік дизайны мен олардың үш өлшемдік құрылымын жасаған ғалымдар Дэвид Бейкер, Демис Хассабис және Джон Джамперге берілді. Бұл жөнінде 9 қазанда Нобель комитеті хабарлады.

Вашингтон университетінің профессоры Дэвид Бейкер "ақуыздың компьютерлік дизайнын жасағаны үшін" сыйлықты иеленді. Оның ғылыми еңбегі ақуыздың мүлде басқа түрлерін түзуге жол ашады.

Google-ға еншілес Google DeepMind компаниясының қызметкерлері Демис Хассабис және Джон Джампер ақуыздың барлық-дерлік түрлерінің құрылымын болжау үшін жасанды интеллектіні қолданған. Мұндай жаңалықтың потенциалы зор деп жазылған Нобель комитетінің сайтындағы хабарламада.

Ақуыз құрылымын болжау медицинада, оның ішінде дәрі-дәрмек және биотехнологияда пайдаланылады.

2023 жылы химия бойынша Нобель сыйлығы кванттық нүктелердің жартылай өткізгіштерін зерттеген АҚШ-та істейтін ресейлік ғалым Алексей Екимов, америкалық Мунги Бавенди және Луис Брюске берілген еді. 10 қазанда әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары, 11 қазанда – Бейбітшілік сыйлығының иегерлері белгілі болады.

  • Биыл медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығын микроРНК-ны зерттеген Виктор Эмброс және Гэри Равкан алған. Машинаны нейрожүйенің көмегімен үйреткен Джон Хопфилд және Джеффри ХинтонКеше физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.
  • Нобель сыйлығының лауреаттарына алтын медаль, диплом мен 11 млн шевд кроны көлемінде ақшалай сыйлық (биыл оның көлемі шамамен 1,1 млн доллар) беріледі.
XS
SM
MD
LG