Accessibility links

АЕ/АР бұрынғы тілшісі Тегеранда қамауға алынды


Реза Вализаде
Реза Вализаде

Ұзақ жыл шетелде тұрып, жуырда Иранға оралған Азат Еуропа/Азаттық радиосының бұрынғы тілшісі Тегеранда қамауға алынды, деп хабарлады АЕ/АР 15 қазанда.

Иран және АҚШ-тың азаматы Реза Вализаде шамамен үш апта бұрын қамауға алынған. Оған шетелдік БАҚ-пен парсы тілінде әріптестік танытты деген айып тағылған. Бұл жөнінде АЕ/АР-ға туыстарының бірі хабарлады.

Иранның ресми тұлғалары Реза Вализаденің қамалуына түсініктеме берген жоқ.

Реза Вализаде Азаттықтың Фарда радиосының тілшісі қызметінен 2022 жылы қарашада кеткен және біраз уақыт шетелде тұрған. X желісіндегі соңғы жазбасында Вализаде 16 наурызда Тегеранға баратынын айтқан.

Жазбада ол Иран ислам сақшылар корпусының барлау қызметімен келіссөзді "ішінара аяқтағанын" айтқан. Бірақ соған қарамастан тәуекелге етіп, Иранға оралған.

Иранда қос азаматтығы бар ирандықтардың көбін қауіпсіздік қызметі түрлі қылмыс жасады деп айыптап, қамаған. Көбінің мүлкі тәркіленіп, бұғатталған. Кейбір жағдайда олардың Ирандағы отбасына қысым жасап, елге қайтаруға тырысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG