Accessibility links

Солтүстік Корея чучхе күнтізбесін пайдалануды доғарды


Пхеньяндағы чучхе ескерткіші
Пхеньяндағы чучхе ескерткіші

Солтүстік Корея чучхе күнтізбесін пайдалануды доғарды. Онда жыл санау Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның атасы Ким Ир Сеннің туған күнінен басталады.

Оңтүстіккореялық "Ренхап" ақпарат агенттігі Ким Чен Ынның 10 қазан күнгі сөзі мен сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіндегі уақыт чучхе күнтізбесі бойынша жазылғанына назар аударады. Ал Кимнің әпкесінің 12 қазан күнгі мәлімдемесінде чучхе күнтізбесі қолданылмаған.

Солтүстік Кореяның негізгі басылымы да 13 қазан күнгі санында чучхе күнтізбесін қолданбаған.

Оңтүстік Кореяның біріктіру министрлігінің өкілі "Ренхап" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында чучхе күнтізбесіне көшу бұл Ким Чен Ынның жеке басқа табынушылықты қалыптастыру талпынысының бір бөлігі болуы мүмкін деп топшылаған.

Солтүстік Корея чучхе күнтізбесін 1997 жылдың 8 шілдесінен бастап – Корей халық демократиялық республикасының (Солтүстік Кореяның ресми атауы) негізін қалаушы Ким Ир Сеннің қазасынан кейін үш күннен соң пайдалана бастаған. Онда жыл санау 1912 жыл – Ким Ир Сеннің туған жылынан бастау алады. Ал ондағы ай мен күннің халықаралық күнтізбеден айырмашылығы жоқ.

XS
SM
MD
LG