Тайвань Ресейге станоктар тасымалын тоқтатты. Оларды әскери мақсатта қолданылуы мүмкін дегеннен кейін экспорт бақылауы ережесі қатаңдаған соң осылай болды деп хабарлады Taiwan News басылымы.
Басылым бұл туралы елдің экономика министрлігіне сүйеніп жазған. Мәлімдеме британ корольдік біріккен қорғаныс зерттеулер институты мен АҚШ үкіметі орталығының Open Source Centre баяндамасы жарияланғаннан кейін шықты. Баяндамада Тайвань – Ресейге станоктар жеткізетін ел деп айтылды.
Станоктарды әскери мақсатта қолданылуы мүмкін болған соң Тайвань экономика министрлігі олардың Ресейге экспортын тоқтатуға шара қабылдады. Санкцияны бірінші рет бұзғандарға айыппұл өсті, енді олар бір миллион Тайвань долларын (шамамен 31 310 АҚШ доллары) төлеуі керек. Тайвань экономика министрлігі мұндай шара оң нәтиже беріп жатыр деп есептейді.
Наурызда Тайвань билігі Ресей мен Беларуське экспорттауға шектеу қойылған тізімге станоктың 77 түрін енгізген.
АҚШ қаржы министрлігі 30 қазанда жариялаған кезекті санкция тізіміне 275 компания мен жеке адам енгізілді. Олар Украинаға қарсы соғыс ашқан Ресейге әскери-өнеркәсіп кешеніне қажет озық технологиялар мен құрал-жабдықтар жеткізуге қатысы бар деген күдікке ілінген. Жаңадан санкция салынғандар арасында станоктар сатумен айналысатын қазақстандық Kazstanex компаниясы да бар.
АҚШ билігінің мәліметінше, Kazstanex Өзбекстандағы бөлімшесі – Uzstanex фирмасымен бірге Ресейге сатуға, жеткізуге тыйым салынған станоктарды Еуропадан алып, қытайлық Shanghai Winsun компаниясы арқылы Ресейге жөнелтіп отырған.
ПІКІРЛЕР