Accessibility links

Оңтүстік Корея барлауы: Мәскеу Пхеньянға әскери көмегі үшін 600 мың тонна күріш төлеген


Солтүстік Корея Ресейге әскери техника мен Украинадағы соғысқа әскер жіберіп, өзі тарығып отырған азық-түлік мәселесін шешті деп хабарлады Оңтүстік Кореяның The Korea Herald газеті. Мәскеу Пхеньянға шамамен 700 мың тонна күріш жеткізген, яғни бұған дейін жібергенінен 600 мың тонна көп.

Мұндай деректі Оңтүстік Кореяның барлау қызметі парламенттегі барлау комитетіне хабарлады деді парламент мүшесі, Оңтүстік Кореяның Мәскеудегі бұрынғы елшісі Ви Сон Лак The Korea Herald газетіне.

Оның сөзінше, 700 мың тонна күріш – Солтүстік Корея жылына өндіретін күріш көлемінің шамамен 17 пайызына тең. Ресейдің тасымалы Солтүстік Корея мұқтаж болып отырған күріштің жартысына жуығын жабады. Ресей Солтүстік Кореядан артиллерия снарядтарын сатып алып жатқандықтан, азық-түлік мәселесінің едәуір бөлігі "қару-жарақ саудасы есебінен шешілген болуы мүмкін", – деді ол.

Немістің Фридрих Науманн атындағы қорының есептеуінше, Солтүстік Корея Ресейге құны шамамен 5,5 миллиард доллар болатын қару-жарақ сатқан болуы мүмкін. Мұндай ақша елдің жалпы ішкі өнімінің төрттен бір бөлігіне тең.

Бұған дейін "Ренхап" агенттігі барлау қызметінің парламенттегі есебіне сілтеп, Ресей Солтүстік Корея жіберген сарбаздарға тиесілі жалақыны Пхеньянға жібереді деп хабарлаған. Ол ақпаратта Ресей әр сарбазға айына шамамен 2000 доллар төлейді деп айтылды.

Қаржының көп бөлігі Солтүстік Корея сарбаздары мен олардың үй-ішінің қолына тимей, мемлекетте қалуы мүмкін. Бұл Солтүстік Корея бюджетіне жылына 200 миллион доллар кіріс әкелуі мүмкін.

Солтүстік Кореядағы орташа жалақы 2022 жылғы жағдай бойынша, 1-3 доллар деп бағаланған. Ресейге жіберілген сарбаздың 2000 доллар жалақысы – елдегі бір тұрғынның 83 жылдық жалақысына тең. Сарбаздар бұл қаржының қанша бөлігін өзі алатыны әлі белгісіз.

The Korea Herald газетінің жазуынша, Ресейде шамамен 4 мың Солтүстік Корея азаматы жұмыс істейді, олар ел бюджетіне айына шамамен 800 доллар табыс әкеледі. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеу жұмыс күші жетпей жатқан өнеркәсіп орындарына Солтүстік Корея азаматтарын тартуға Пхеньянмен келісіп жатыр деп айтқан.

  • Оңтүстік Корея, Батыс және Украинаның барлау қызметтері Солтүстік Корея Ресейге шамамен 12 мың сарбаз жіберуі мүмкін деп хабарлады. Олар Ресей жағында соғысқа қатысады деген болжам бар.
  • Солтүстік Корея – Ресей армиясына артиллерия снарядтарын жеткізетін ел деп хабарлаған Батыс пен Оңтүстік Кореяның барлау қызметтері. Тактикалық зымыран кешендері мен қысқы әскери киім жеткізу жайлы да айтылды.
Ресейдің спирт зауыттары өртке оранды. "Соғысқа аттанған" Солтүстік Корея сарбаздары
please wait

No media source currently available

0:00 0:09:30 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG