Accessibility links

Камала Харрис пен Джо Байден Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Камала Харрис және Дональд Трамп
Камала Харрис және Дональд Трамп

АҚШ вице-президенті және демократиялық партиядан президенттікке кандидат болып сайлауға түскен Камала Харрис сәрсенбі күні Дональд Трампқа хабарласып, сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Харристің көмекшілерінің бірі Associated Press агенттігіне телефонмен берген сұхбатында Харрис Трамппен билікті бейбіт түрде тапсырудың маңыздылығын атап өткенін жеткізді.

"Президент Трамп вице-президент Харриске бүкіл сайлау науқанындағы кәсіпқойлығы және табандылығы үшін алғыс айтты және екі жетекшінің елді біріктіру маңызды деген ойлары бір жерден шықты" деді әңгімені растаған Трамп кампаниясының өкілі Стивен Чунг.

Харрис сәрсенбі күні кешке қарай жақтастары алдында сөз сөйлеп "сайлаудың нәтижесі біз қалағандай шықпады, алайда америкалық үміт сәулесі әрдайым жарық болып қалады" деп мәлімдеді. Оның сөзінен BBC үзінді келтірді.

Трампқа қазіргі президент Джо Байден де хабарласқан. Ол жуық арада Трампты Ақ үйде қабылдап, билікті тапсыру мәселесін талқыламақ. NBC арнасының хабарлауынша, Байден жаңа президенттің инаугурациясына да бармақ. 2020 жылы Байден Трамптың орнына келген кезде Трамп мұндайдың бірде-бірін жасамаған. Бейсенбі күні Байден сайлаудың нәтижесі мен биліктің ауысуы жөнінде халыққа үндеу жасайды деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG