Accessibility links

Қазақстанда 18 жастағы ресейлік белсенді қамауға алынды


Тергеу изоляторы. Көрнекі сурет.
Тергеу изоляторы. Көрнекі сурет.

Украинадағы соғысқа қарсы екенін айтып жүрген 18 жастағы ресейлік белсенді Павел Владимировтың Алматыда ұсталғанын Alliance of the post-Soviet Left ("Постсоветтік солшылдардың одағы") хабарлады. Ұйым саха белсендісі Айхал Аммосов пен Павел Владимировтың қызына сүйеніп хабарлаған.

Жобаның мәліметінше, белсенді 4 қыркүйекте ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған.

Оған дейін бір күн бұрын Росфинмониторинг Владимировты “террористер мен экстремистер” тізіміне қосқан. Оны қудалауға нақты не себеп болғаны белгісіз. Ресейде ол “террористік ұйымның қызметіне қатыспақ болды” деген айыппен іздеуде жүр.

Саха белсендісі Айхал Аммосов Павел Владимиров жөнінде Алматыдағы тергеу изоляторында отырған кезде білген.

"Ол идеяға берілген адамға ұқсайды. Ол маған қызына хат тапсыруды сұрап, достарының телефонын берді. Ешкім Пашаның Қазақстан түрмесінде отырғанын білмейді" деген белсенді ұйымға.

Павел Владимировтың жүріп жүрген қызы Ольганың сөзінше, белсенді 10 қыркүйекте Тбилисиге ұшуы керек болған. Оған соңғы рет 4 қыркүйекте хат жазған.

Аммосов арқылы Ольгаға жеткен хатта Павел Владимиров өзін "ФСБ ұстап алғанын" жазады.

"Менде бәрі жақсы, тергеу изоляторында бір жыл отыруға тура келеді. Одан кейін мені босатады. Менде жақсы әрі тәжірибелі адвокат бар, ол маған көмектеседі" деп жазды ол хатта.

Воронежде Павел Владимиров соғысқа қарсы үнпарақтар таратып, граффити салған, митингілерге қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG