АҚШ президенті Джо Байден алысқа ұшатын америкалық қару түрлерімен Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берді деп жазды дереккөздерге сүйенген The New York Times басылымы.
Дереккөздің айтуынша, қару Ресейдің Курск облысындағы украин күштерін қорғау үшін ресейлік және солтүстіккореялық әскерге қарсы пайдаланылуы мүмкін.
Екі айдан кейін өкілеті аяқталатын Байденнің шешімі АҚШ саясатындағы ірі өзгеріс деп жазды басылым.
The New York Times дереккөзінің хабарлауынша, украиндарға алысқа ұшатын қару түрлерін пайдалануға рұқсат беру Ресейге Солтүстік Корея әскері әкелінгеннен кейін жасалған, соған реакция ретінде қабылданған күтпеген шешім.
Вашингтон әзірге ақпаратты ресми түрде растамады.
ПІКІРЛЕР