Президенттің жарлығымен Азамат Есқараев әділет министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Ерлан Сәрсембаев тағайындалды. Тиісті жарлықтар Ақорда сайтында жарияланды.
Есқараевтың қызметтен кету себебі түсіндірілмеді. Ол бұл қызметке 2023 жылы қаңтарда келіп, 2023 жылы сәуірде қайта тағайындалған.
2024 жылы ақпанда жаңа премьер-министр тағайындалған шақта ол осы қызметін сақтап қалған еді.
50 жастағы Ерлан Сәрсембаев 2023 жылдың қаңтарынан бері Конституциялық сот судьясы болған. Оған дейін 2019-2022 жылдар аралығында сенат аппаратының халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздігі жөніндегі комитетпен өзара қарым-қатынас бөліміне жетекшілік еткен. Сенатқа дейін қауіпсіздік қызметі органдарында түрлі қызмет атқарған.
ПІКІРЛЕР