Accessibility links

Судағы радиация Жапонияның ядролық дағдарысын қиындатып жатыр


Жапонияның Фукусима атом электр стансасын тұрақтандыру жұмысына суда радиацияның анықталуы кедергі болып тұр.

Ресми өкілдердің айтуынша, наурыздың 11-дегі 9.0 балдық жер сілкінісі змен цунамиден зақымданған атом электр стансасындағы реакторларда радиоактивті су байқалған. Бұған нақты не себеп болғандығы әзірше белгісіз дейді мамандар.

Ресми өкілдердің мәліметінше, Токиодан 240 шақырымдағы Фукусимада кемінде 17 жұмысшы радиациямен уланған.
XS
SM
MD
LG