Жапония зілзала мен цунамиден кейін апатқа ұшыраған "Фукусима" атом электр стансасындағы радиация деңгейі өте қауіпті дегенді жоққа шығарып отыр.
Үкімет өкілі Юкио Эдано дүйсенбі күні ядролық кешен аймағындағы суда радиация деңгейі қалыпты нормадан 10 миллионға жоғары деген хабарларды сынап отыр. Кейінірек билік өкілдері радиация қаупі бар болғанымен, оны бағалау қате болғанын айтты.
"Фукусима" реакторларының жұмысын қалпына келтіру шарлары радиацияның ауаға және суға тарауынан кейін кедергілерге тап болып отыр.
Радиация тынық мұхитына төгіліп, жергілікті ферма өнімдері мен ауыз су ластанған. Дегенмен билік өкілдері қазіргі радиация күшінің тікелей адам өміріне қаупі жоқ екенін айтады.