Бүгін Ресей Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи жасақтарына қарсы шабуыл азаматтық соғысқа араласумен бірдей және оған аймақта ұшуға тыйым салу жөніндегі БҰҰ-ның қарары рұқсат берген жоқ деді.
Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні журналистер алдында айтты:
"Біздің пікірімізше, одақтас елдердің интервенциясына негізінде Ливиядағы ішкі азаматтық соғысқа араласуға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары жол ашқан жоқ".
Сергей Лавровтың айтуынша, наурыздың 17-де Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарар Ливияның бейбіт халқын қорғауға бағытталған. Десе де онда одақтас күштердің Каддафи жасақтарына соққы бергені және оппозициялық күресушілердің Лавровтың сөзімен айтқанда "қарулы бүлікшілердің" әрекетін қолдау жайлы айтылып жатыр.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде вето қою құқы бар Ресей Ливияға қатысты қарарға қарсы дауыс бермеген болатын.