Accessibility links

Жапония: Фукусимадағы реакторларға су төгуден басқа лаж жоқ


Жапония үкіметінің мәлімдеуінше, үлкен апаттың алдын алу үшін зілзала мен цунамиден зақымданған Фукусима атом-электр стансасындағы реакторларға су төгуден басқа лаж қалмаған.

Жапония кабинетінің бас хатшысы Юкио Эдано бүгін парламентте сөйлеген сөзінде радиоактивті жанармай желісінің қызып, құрғауының алдын алу үшін реакторларға су құя беру керек деп атап көрсетті.

Жапония премьер-министрі Наото Кан Фукусимадағы дағдарысқа үкіметтің дайын тұрғанын мәлімдеді. Канның айтуынша, Фукусимадағы жағдайдың қалай өзгерерін болжап болмайды.

Дүйсенбі күні ресми өкілдер атом электр стансасы орналасқан жерден жоғары радиоактивті плутонийдің табылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG