Accessibility links

Бішкекте наразылық шарасы өтті


Бүгін Қырғызстан үкіметінің Бішкектегі штаб-пәтері алдында 500-ге жуық адам қаладағы ірі базардың жанындағы сауда киоскілерін алып тастау жөніндегі әкімнің шешіміне наразылық танытты. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлады.

Наразылық танытушылар президент Роза Отунбаева, премьер-министр Алмазбек Атамбаев, және парламенттегі "Ата-Жұрт" фракциясының жетекшісі Қамчыбек Ташиевтермен кездесуді талап етті. Шерушілердің айтуынша, Ош базарының сыртындағы сауда киоскілерін қирату туралы Бішкек әкімінің шешімі - заңсыз.

Ал әкімшілік баспасөз қызметінің айтуынша, бұл шешім Ош базарына жақын аумақтағы сауданы реттеу үшін жасалған. Әкім кеңсесінің мәліметінше, әлгі киоскілер заңсыз құрылған және ондағы сатушылар салық төлемейді.
XS
SM
MD
LG